National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сербияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Владимир Мирковичпен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты кездесу өткізді

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова елдеріміз арасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Барлық деңгейдегі, соның ішінде жоғары сатыдағы ынтымақтастықтың кеңеюі осыны айғақтайды.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова 2016 жылғы тамызда Қазақстан мен Сербия басшыларының қатысуымен Белград қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіштің ашылуы Қазақстан халқының зор ризашылығын тудырғанына назар аударды.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді. Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 2016 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында 23,4 млн АҚШ долларына жетті. Бүгінде Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда, тұрғын үйлер мен тұруға арналмаған ғимараттар құрылысы салаларында Сербия капиталының үлесі бар 10-нан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы елші В.Мирковичке Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық тығыз, өзара сенімге негізделген серіктестік орнатуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдіріп, денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы