National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Өкімдер

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

2020 жылғы 26 маусым

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Қуатов Дәурен Қасенұлына – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторына, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;

Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

Сарыбай Серік Әбікенұлына – «Жетісу» телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

Трухачев Александр Владимировичке – «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Әшім Альбинаға – «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;

Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – «Хабар» телеарнасы  талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;

Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;

Смайлов Жандос Мейірбекұлына – «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«Ана тілі» газетінің шығармашылық ұжымына – ұлттық баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

 «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;

«Казахстанская правда» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына қосқан  үлесі үшін жариялансын.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті                                                                             Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы  26  маусым
 

                                 № 114


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің