Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы

1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған.

1996 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде бастаған.

1996-2004 жылдары – Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, протокол мен сыртқы саясат бөлімдерінің басшысы.

2004-2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2006-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2008-2009 жылдары – Астана қаласындағы «Нұр-Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары.

2010 жылғы сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы аппаратының басшысы.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы.

2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2017-2019 жылдары – Ақмола облысының әкімі.

2019 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


 
 Басшылық