Жаңалықтар

9 сәуір 2007
Мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бруно Антонио Паскуиноны қабылдады.

- Біздің елдеріміз арасында экономикалық, сондай-ақ саяси және мәдени салаларда жылы достық қарым-қатынастар орнаған. Италия Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып табылады, - деді О.Әбдікәрімов кездесудің ашылуында.


Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы және оны дамытудың келешегі талқыланды.


- Мен осы елдің саяси элитасына, іскер топ өкілдеріне және барша қазақстандықтарға менің еліме көрсеткен достық ілтипаты үшін ризашылығымды білдіремін. Италияның және итальяндықтардың Қазақстанға деген ықыласы да сондай. Біздің елдеріміз арасында өзгелерге үлгі боларлықтай өте жақсы экономикалық қарым-қатынас орнатылды. Италия жыл сайын өз инвестициясын арттырып келеді, және де қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына бір миллиард еуро көлемінде тікелей инвестиция салды. Инвестициялар көлемі бұдан әрі де арта берері сөзсіз, - деді Б.Паскуино журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар