Жаңалықтар

17 сәуір 2007
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Қажымұрат Нұрғалиұлы Маерманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ракета әскерлері мен артиллерия қолбасшысы қызметінен босатылды;


Болат Керімжанұлы Дарбеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;


Николай Николаевич Поспелов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды;


Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;


Бақтияр Омарұлы Сыздықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар