Жаңалықтар

26 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өкілдер палатасының Табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Ник Рэйхэл бастаған АҚШ Конгресінің ресми делегациясын қабылдады.

Кездесу барысында қазақстан-американ сауда-экономикалық әріптестігі мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясат мәселесіндегі өзара іс-қимыл жайы талқыланды.


Президент АҚШ Конгресінде Қазақстан достарының бейресми тобы қалыптасқанын атап өтті. Олардың қатарында делегация құрамында Астанаға келген Өкілдер палатасының мүшелері Дэррелл Айсса, Чарли Мелансон, Рэй ЛаХуд, Джон Линдер және Джэк Кингстон бар.


- Мен сіздерге осы топқа қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Біз Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың дамуына сіздердің тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызды білеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


АҚШ Конгресінің мүшесі Н.Рэйхэл тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикада және демократиялық қоғам құруда қол жеткізген табыстарына таңданыс білдірді.


- Біз қауіпсіздікпен байланысты мәселелерде Қазақстан АҚШ-тың сенімді әріптесі болып табылатынын жоғары бағалаймыз, - деді конгресмен.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар