Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 тамыз 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконы мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың 65 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Беларусь елінің басшысының мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға зор денсаулық, амандық және бауырлас Беларусь халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар