Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 маусым 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Үкіметінің басшысына құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, қазақ-армян ынтымақтастығын екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да дамытуды жалғастыруға ниетті екенін айтты.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары