National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2014 жылғы 27 наурыз

 

 

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық өзара ықпалдастық жайттары қозғалды. Атап айтқанда, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы қаралды.

Бұған қоса, екі мемлекет көшбасшылары жұмысын аяқтаған Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің қорытындылары туралы пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша толық өзара түсіністік барын атап өтті.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің