Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 мамыр 2018
Қазақстан Президенті «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытына барды
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тағам кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімделді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мясодел» және «Кублей» брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.

***

«Жайық Агро LTD» кәсіпорны жылына 7200 тонна құс етін өндіреді. Бұл орайда, өнімнің 90 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, ал 10 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу