Жаңалықтар

17 тамыз 2018
Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты
Солтүстік Қазақстан облысы, Ильичевка ауылы

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

– Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен ұзап кеттім. Мен осындай шешім қабылдап, түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

***

Жалпы, 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900-ге жуық адамды қамтитын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуі және шығындарының өтелуі үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу