Жаңалықтар

15 тамыз 2014
Елбасының атына Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарынан жеделхат келіп түсті

 

Президенттің атына жеделхат жолдаған аралдықтар Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау (САРАТС) жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны туралы хабарды Арал ауданы тұрғындары қуанышпен қабылдағанын айтады.

«Сіз теңіз тартылған кезде үдере көшкен халықты ата қонысқа қайтардыңыз, сөнген үмітті қайта жағып, күдікті үмітке алмастырдыңыз, ата кәсіпті жандандыру арқылы еңбек пен ерліктің биік үлгісін көрсеттіңіз», - делінген хатта.

Соңында Арал ауданының тұрғындары теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар  үшін алғыстарын білдірген. Сондай-ақ олар жалпы еліміздің даму қарқынын, қоғамда қалыптасқан татулық пен тыныштықты атап өткен. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар